Орал қаласында «Рухани жаңғыру» музейі ашылады
Ұлттық мүддеміз бен болмысымызды айқындайтын «рухани жаңғыру» бағдарламасы батыс өңірінде қандай деңгейде жүзеге асырылуда? Елбасымыздың стратегиялық мақаласында айтылған кіші бағдарламалар мен айшықты тапсырмалар аясында нендей жобалар жоспарланған? Осы және өзге де сұрақтар М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде кеңінен талқыға түсті. Кездесуде Орал шаһары орталығынан өлке тарихы мен мәдениетінен сыр шертер «Рухани жаңғыру» музейі ашылатыны айтылды. Ұлттық болмыс пен бірегейлікті сақтай отырып, жаңашылдық және білімге ұмтылу - бұл Елбасы мақаласының басты арқауы. "