Орал қаласында «Рухани жаңғыру» жалпыреспубликалық жастар акциясы өтті
Өңірдегі төрт жоғары оқу орын студенттері, «Рухани жаңғыру» жалпыреспубликалық жастар акциясына үн қосты. Ауқымды шара Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-де өтті. Жастар – қоғамның қозғаушы күші. Сондықтан ел ертеңі деп үміт артқан буын, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудан тыс қалмақ емес. Туған жерді сүйіп, елге еңбек ету де рухани жаңғыру деді, - жастар алдында сөз алған белгілі альпинист Мақсұт Жұмаев. Жалпы акция жастардың қоғамдық белсенділігін арттыруға бағытталып отыр. - Акция арқылы біздер бейресми түрдегі жастардың жүздесуін ұйымдастырып отырмыз. Бастысы жастарға ой салу, оларды қоғ