Орал қаласында сымдары жер астымен тартылатын бағалар орнатылуда
Сымдары жиі үзілетін жарық бағаналарын жер асты кабельдеріне ауыстыру 2014-жылы басталған болатын. Қазір сол жұмыстар жалғасып жатыр. Осыған дейін Еуразия даңғылында энергия үнемдегіш, қауіпсіз бағаналар орнатылды. Қанатқақты жобаның тиімділігі аңғарылып отыр. Нәтижесінде өзге көшелерге де осы жаңа бағаналарды орнату ісі қолға алынған. Еуразия даңғылы бойына 4 жыл бұрын сымсыз бағаналар орнатуға бюджеттен 250 миллион теңге жұмсалған еді. Қазіргі таңда Достық даңғылы мен Ықсанов көшелері сымсыз желіге көшуде. Бағаналардың сымдары қысқы алай-дүлей боран мен қатты желде үзіліп, жарықсыз қалатын к