Орал қаласында тағы 4 жолаушы көлігі жолақыны электронды түрде қабылдамақ
Жаңа жүйе бойынша жолақы төлемін қабылдауға 2019-жылдың соңына дейін толықтай көшу жоспарланып отыр. Осыған дейін аталмыш жүйе №5, 7, 39 жəне 20 нөмірлі бағыттағы маршруттарда пайда болған еді. 2018-жылдың тамыз айынан бастап көліктік карталар қолданысқа еніп, жолаушы қолма-қол төлемнен бөлек, электронды түрде төлем жасау мүмкіндігіне ие болған-тұғын. Енді тағы 4 қоғамдық көлік электронды төлем қабылдауға дайындалып жатыр. Олар № 3, 35, 51 маршруттар. Бұл жөнінде Орал қалалық жолаушы көлігі жəне автокөлік жолдары бөлімі хабарлады. Қазіргі күнге дейін осы электронды төлем карталарымен 50 мыңнан