Орал қаласында тұрғын үй құрылысы қарқынды
ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй шаруашылығы комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетовтің қатысуымен алқалы жиын өтті. Онда, «Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» бағдарламалары аясында атқарылып жатқан іс шаралар талқыланды. Батыс Қазақстан, баспана құрылысы қарыштап дамып отырған облыстың бірі. Соңғы жылдары Оралда ондаған көпқатабатты үй бой көтерді. Мәселен 2015 жылы 157 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілсе, 2017 жылы бұл көрсеткіш екі есеге дейін артты. Ал биыл 415 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланса, оның тең жартысы қазірдің өзінде іске қосылған. Осы ор