Орал қаласында «Туған жер» бағдарламасымен тынымбақ құрылысы басталды
Жоба құны 40 миллион теңгеден астам. Тынымбақ "Туған жер" бағдарламасын жүзеге асыруға үлес қосып жатырған жеке кәсіпкердің қаражатына салынады. Орал қаласының қала тұрғындарының сейіл құрып, тынығуына арналған орын Еуразия даңғылы мен Петровский көшесінің қиылысында "Сити центр" ойын-сауық орталығының жанында орналаспақ. Елбасы «Туған жер» бағдарламасын іске асыруға шенеуніктерді, кәсіпкерлерді, зиялы қауымды, жастарды жұмылдыруды тапсырды. Елге танымал азаматтар мен қалталы кәсіпкерлер өздері туып-өскен мекенінің жағдайын жасап, тұрмысын түзеуге қолдан келгенше атсалысулары қажет. Қазақстан