Орал қаласында «WESTKAZINVEST-2017» халықаралық форумының көрмесі өтті
Өңірдің инвестициялық әлеуетін таныстыру, аймақаралық ынтымақтастықты нығайту, түрлі салада бірлескен кәсіпорындар құру. Оралда ашылған ІV «WestKazInvest-2017» Халықаралық инвестициялық форумы осындай мақсатты көздейді. Айтулы жиын аясында, алдымен, «Қазақстан-Ресей: өңірлердің шекаралық серіктестігі» атты тауар өндірушілердің көрмесі көпшілікке таныстырылды. Көрмеде 100-ден аса кәсіпорын өз өнімі мен қызмет түрін ұсынды. Оның 50-ден астамы ресейлік тауар өндірушілер. Келушілерге бар жақсысын ұсыну үшін жергілікті кәсіпорындар да аянып қалмады. Мәселен, қуат үнемдейтін есік-терезелер көпшілікт