Орал қаласында жаңа алаңға жас көшеттер отырғызылды
Көшелерді жасыл желекпен көмкеруге қала жұртшылығы жан жақты үлес қосуда. Көшеттерін дайындап, күректерін сайлаған жұрт маңызды іске ерте кірісті. Облыс әкімінің орынбасары Игорь Стексов жетекшілік еткен еріктілер тобы еңбек ардагерлері, партия және Үкіметтік емес ұйым өкілдері, депутаттар мен жастардан тұрды. Олар жаңа алаңның айласына барлығы 150 түп ағаш отырғызды. Негізінен шырша мен мамыргүл. Алтын күздің әдемі күнінде қалалықтар жаңа шағынауданымызды, соның ішінде жаңа алаңды көркейтуге үлес қосып жатырмыз. Басты мақсатымыз шаһарымыздың шырайын арттырып, сәндендіру. Аға ұрпақтың өнегесін