Орал қаласында жаңа тәжірибелі жол салынды
Мердігер кәсіпорын жол жөндеймін деп тәжірибенің құрбаны болдым дейді. Тілшілерге Орал қаласындағы жол құрылысымен айналысатын компаниялардың бірінің басшысы шағымданып, көмек сұрап отыр. Владимир Вислин есімді азамат тендерден өз компаниясы жол жөндеу мүмкіндігін ұтып алғанын айтады. Алайда бұл жеңісі өзіне сор болып жабысыпты-мыс. Анығырақ айтар болсақ, қалалық жолаушы көлігі және авто көлік жолдары бөлімінің басшысы Қайрат Мұхамбетқалиев одан «Құлагер» көшесі жолының бір бөлігіне жаңа тәжірибе жасауды ұсынған екен. Ол үшін қымбат бағалы материал сатып алуға тура келген. Ал соңында атқарған