Орал қаласында жолдардың 30 пайызы жөндеу мен қайта салуды қажет етеді - Мұрат Мұқаев
Орал қаласының әкімі Мұрат Мұқаевтың мәлімдеуінше, ағымдағы жылдың тоғыз айында мемлекеттік бюджетке қала контингентінен 64418,4 миллион теңге табыс түскен, оның 16404,2 миллион теңгесі қалалық бюджетке тиесілі. Есептік кезеңде негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі өткен жылғымен салыстырғанда 146,3 пайызға артқан (47648 миллион теңге). Сондай-ақ өнеркәсіп өнімдерінің жалпы көлемі, яғни нақты көлем индексі де молайған. Жыл басынан бері облыс орталығында қолға алынған жұмыстардың жай-күйін рет-ретімен баян еткен Мұрат Рахметұлы биылғы жылы шаһарымыздың үлкен құрылыс алаңына айналғанын а