Орал қаласында жылу таратушылар ауқымды жаңғыртуға дайындалып жатыр
Бұл мақсатқа 6 миллиард теңгеден аса қаражатты Еуропалық қайта құру және даму банкі бөлуі тиіс. Кезең-кезеңмен атқарылатын жұмыстар аяқталған соң жылу жарату орталығының қуаттылығы бірнеше есеге артады деп күтіліп отыр. Қалалық жылу электр орталығының тоқтаусыз жұмыс жасағанына елу бес жылдан астам уақыт болды. Сондықтан қазандықтар мен желілердің жаңғыртуды талап етуі орынды. Қаладағы 1176 тұрғын үй мен барлық әлеуметтік мекемелер осы кәсіпорын арқылы жылу көзіне қосылып отыр. -«Жайық жылу қуат» АҚ 1960 жылдан жұмыс жасауда. Сол себепті жаңғырту жұмысы ауқымды болмақ. Қазір Еуропалық қайта құ