Орал қаласындағы тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарға жылу берілуде
Облыс орталығы қысқа әзір. Қазіргі таңда қаладағы көппәтерлі 1175 үйдің 62 пайызына және әлеуметтік нысандар мен мектептерге жылу қосылған. Жылу электр орталығында болған облыс әкімі Алтай Көлгінов, дайындық барысын тағы бір мәрте пысықтады. Жаз бойы жүргізілген жөндеу жұмыстарына 369 млн. теңге бағытталса, соның 280 млн. теңгесі жылу электр орталығына жұмсалған. Яғни 2 энергетикалық, 1 су жылытқыш қазандық күрделі жөндеуден өтті. Қазір орталықтағы 11 қазандықтың қызметі қалыпты. Бұған қоса үш насос алынып, Жайықтан су сорудағы түйткілдер жойылды. Әрі бұл лас суды өзенге кері құюды да тоқтатуғ