Орал қаласының бас педагогы ата-аналармен кездесті
Жиынға ата-аналар комитетінің өкілдері, педагогтар мен ата-аналар қатысқан болатын. Аталмыш шарада бағалау критериялары, тоқсан аяқталып келе жатқан тұста баланың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мен мектеп формасы жайлы сөз болды. Жиналыс №1 мектептің қабырғасында ұйымдастырылды. Иллюстративное фото из архива "МГ" Барлық мектепте қызмет жасайтын ұстаздар қауымы өткен тоқсанды қорытындылау мақсатында ата-аналар жиналысын дәстүрлі түрде ұйымдастырып отырады. Осындай жиынның біріне баласын оқытып отырған ата-аналар қауымымен қаламыздың бас педагогы, шаһар басшысының орынбасары арнайы қатысқан еді.