Орал қаласының əкімі кəсіпкерлерге ұсыныс білдірді
Шаһар басшысы Мұрат Мұқаев қала əкімдігінде азық-түлік сатушы кəсіпкерлермен кездесіп, оларға өз дүкендерінен "əлеуметтік бұрыш" ашу туралы ұсынысын білдірді. Бұл бұрышта бағалар төмен болуы тиіс. Қаладағы зейнеткерлер мен аз қамтылған, көп балалы отбасыларға қызмет көрсететін өнім сатуға арналған бұрыш бүгінгі қымбатшылықта көпшілікке біраз көмегін тигізер еді дейді əкім. -"Əлеуметтік бұрыш" дегеніміз əлеуметтік өнімдер сатылатын орын. Кəсіпкерлерге осындай бұрыш ашу туралы ұсыныс білдіріп жатырмыз. Онда халық бірінші кезекте тұтынатын өнімдер санатындағы 19 түрлі азық-түлік болуы керек. Қазі