Орал қаласының әкімі апатты үйлердің жағдайымен танысты
Шаһарымызда апатты деп танылған 43 тұрғын үй бар. Олардың басым көпшілігі өткен ғасырда бой түзеген ғимараттар. Бүгінгі таңда апатты деп саналатын 7 үй бұзылып, оның орынына жаңадан көп қабатты тұрғын үйлердің құрылысы жүріп жатыр. Аталмыш үйлердің құрылысы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында іске асуда. Оралдағы апатты жағдайдағы үйлердің көбі - революцияға дейін және СССР заманында салынған екі қабатты үйлер. Кей үйлер сәулет ескерткіштері тізіміне енгізіліп, мемлекет қорғауына алынған. Бірақ қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі әбден тозып, апатты жағдайға жеткен үй тұрғынд