Орал қаласының әкімі Кострома қаласының камералық театр директорын қабылдады
Ресей Федерациясының Кострома қаласының камералық театры гастрольдік сапармен Орал қаласына келді, деп хабарлайды "Мой ГОРОД" порталының тілшісі. Аталмыш сапар бауырлас қалалар арасындағы мәдени ынтымақтастықты арттыру, екіжақты қарым-қатынасты нығайту мақсатымен ұйымдастырылып отыр. Сапар аясында театр әртістері қала тарихымен танысып, мәдениет және сәулет ескерткіштерін тамашалап, жергілікті көрікті жерлерді аралады. Театр қойылымы Н.А.Островский атындағы облыстық драма театрында «Три толстяка» мюзиклімен басталды. Кейін камералық театр ұжымы қала тұрғындары назарына Гогольдің «Ревизор» коме