Орал қаласының эпидемиялогиялық жағдайы тұрақты
Облыстың он айдағы санитарлық-эпидемиялогиялық жағдайы туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Батыс Қазақстан облысының Тұтынушыларды қорғау департаментінің басшысы Жайдар Құрманов баян етті. Биыл жұқпалы аурулардың азаюы байқалады. Оның ішінде желшешек 23 пайызға, жіті респиарторлы жұқпа 26 пайызға төмендеген. Ал дифтерия, қызылша, қызамық, тырысқақ, құтыру, оба сияқты індеттер тіптен кездескен жоқ. Әрине олқы тұстар да жоқ емес. - Былтырғы жылмен салыстырғанда бірқатар жұқпалы дерттердің өсімі бар. Олар сальманеллез, ротавирустық интеритвирустық гепатит, сарып және көкжөте