Орал қаласының «Жеңіс» шағын ауданындағы желекжолды абаттандыру аяқталып келеді
Бұл жобаға 113 миллион теңге бөлінген болатын. Батыс Қазақстан облысының орталығындағы демалыс орындарын әрлендіру мақсатында алдағы жылы да атқарылар жұмыстар жоспары ауқымды көрінеді. 2018-жылы шаһарымызда бес тынымбақты жаңғырту көзделіп отыр. Биыл облыста екі тынымбақты абаттандыру жоспарланған болатын. Соның бірі-Пушкин тынымбағы қолданысқа беріліп үлгерді, ал екіншісі төртінші және алтыншы шағын аудан аралығындағы желек жол. Тынымбақтың құрылысы биылғы жазда басталған еді. Қазір ауа райының қолайсыздығы кедергі болғанымен, жұмыс бітуге таяп қалыпты. Бұл жөнінде Орал қалалық тұрғын үй ком