«Орал» әуежайы екі есеге кеңейеді
«Орал» халықаралық әуежайының терминалы екі есеге ұлғаяды. Инфрақұрылымы мен техникалық мүмкіндіктері жақсарады. Бұл туралы облыс әкімі Алтай Көлгіновтің әуежай басшылығымен, инвесторлар және жобалаушылармен кездесуінде айтылды. Стратегиялық нысанды қалпын келтіру келер жылы басталады. Орал қаласының Еуропа мен Азия тоғысында, тоғыз жол торабында орналасуы инвестиция тартуға өте қолайлы. Алайда әуежайдың қазіргі азып-тозған күйі жергілікті билікті де алаңдатып отыр. - Терминал ескі. Қазіргі заман талабына сай келмейді. Енді терминалды жөндеу кезінде осы олқылықтардың бәрін ескеруіміз керек. Бі