«Орал өңірі» және «Приуаралье» газеттеріне 100 жыл
Мерейлі датаға орай республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп, оған ақпарат саласының белді өкілдері жиналды. Басылымның ғасырлық шежіресі «Ұран» газетінен бастау алады. Оның негізін Ғабдолғазиз Мұсағалиев, Нұғман Манаев секілді ұлт зиялылары қалап, осы арқылы Алаш идеясы мен ұлттық мемлекет құруды насихаттады. Ұмыт болған нөмірлерді іздеп тауып, жарыққа шығару «Жайық Пресс» ұжымының еңбегі. Жалпы бір Ұран емес, аздағын жылдар ішінде өңірдегі баспасөз тарихы тиянақты зерттеліп, тың мәліметтер табылды. - Көп жұмыс атқарылды. Орынбор, Астрахань, Мәскеу мұрағаттарынан әр жылдардағы араб,