Орал маңында шөп өрттері көбейді
Пішен дайындау қызу жүріп жатыр. Соған байланысты пішен дайындалатын және оны сақтайтын жерлерде өрт шығу қаупі де арта түсуде. Жемшөп дайындаумен бірге оны қыстақтар басына тасу қабат жүргізілуде, ал пішен сақтайтын жерлерде өрт қауіпсіздігі жасалмаған. Мысалы, пішен үйілетін жерлер найзағайдан сақтану қондырғысы монтаждау, оның аумағын шөптен тазарту, өрт сөндіру құралдарымен және су қорымен қамтамасыз ету. Мұндай жайбарақаттық ауыр жағдайларға ұшыратуы мүмкін. Сондықтан қазірден бастап пішенді өрттен сақтауда орын алып отырған кемшіліктерді жою жөнінде шұғыл шаралар алу керек. Барлық профил