Орал шаһары кең көлемде қала күнін тойлады
Еуропа мен Азияның қақпасы саналатын Орал шаһарының тарихы бай. Көне ғимараттар мен ескерткіштер сақталып қалған еліміздегі қалалардың бірегейі. Талай оқиғаның куәгері болып, қойнауы шежіреге толған Жайық өңірі қала күні мерекесін жылдағы дәстүр бойынша ауқымды деңгейде атап өтті. Қала күні мерекесі күн шапағын шашып, таң атысымен басталып кетті. Дина Нұрпейісова көшесінің бойына жиылған жамағат білім беру ұйымдары ұсынған гүлдер көрмесін тамашалап, ерекше әсерге бөленуге мүмкіндік алды. Гүл дестелерінің әрқайсының өзіндік мән-мағынасы бар. Белгілі бір идеяға негізделген туындылардың тақырыпта