«Орал» халықаралық әуежайының ғимараты жөнделеді
Облыс әкімінің қоғамдық кеңес пен депутаттық корпус алдында берген есебінде, сондай-ақ, жұмыспен қамту, инвестиция тарту, кәсіпкерлікті дамыту салалары бойынша мағдұмат берілді. Президент тапсырмаларынан туындайтын төрт бағыттың екіншісі – жұмыспен қамту. Осы жылы 13 мың адам еңбек шараларына қатысқан. 5 мыңнан астамы тұрақты жұмыс тапқан. Үшінші бағыт – кәсіпкерлікті дамыту. Бұл салада қалыпты өсім бар. Кәсіп ашып, өз ісімді бастаймын дегендер саны жыл сайын артып келеді. Бүгінде бұл салада облыс халқының алтыдан бір бөлігі еңбек етеді. Шағын және орта кәсіпкерлік ішкі өнімнің 40%-н қамтамасы