Оралға алғашқы «Тұлпар-Тальго» жүрдек пойызы келді
Ақжайықтықтардың көптен күткен тілегі орындалды. Орал қаласына алғашқы «Тұлпар-Тальго» жүрдек пойызы келіп тоқтады. Енді жолдағы уақыт 14 сағатқа қысқарды. «Астана- Орал» бағытындағы жүрдек пойызының өзге де ерекшелігі көп. Алғашқы жүрдек пойызды ақжайықтықтар сырнайлатып-кернейлетіп қарсы алды. Бұған дейін Оралдан Астанаға бару үшін 2 күн кететін. Қос қаланың арасын жалғаған жаңа пойыз діттеген жеріне небәрі 26 сағатта жетеді. Яғни, жол жүру уақыты 14 сағатқа қысқарды. Пойыздың Ресей шекарасында сағаттап тоқтап, жолаушылардың төзімін тауысатын күн де артта қалды. Бұл - екі ел басшыларының орт