Оралда 120 отбасы баспаналы болды
9 қабатты тұрғын үй Зашаған кентінде орналасқан. Үйдің құрылысы 2017-жылы басталған болатын. 120 пәтердің кілтін түрғындарға Батыс Қазақстан облысының əкімі Алтай Көлгінов арнайы келіп табыстап, қуаныштарына ортақтасты. Қоныс той Тұңғыш Президент күнімен тұспа-тұс келіп, мерекеде оралдықтарға ерекше тарту болды. -""Нұрлы жер", "7-20-25", "Қол жетімді баспана-2020" бағдарламалары арқылы жыл сайын баспанаға мұқтаж жандарға үй салынып жатыр. Орал қаласында 24 көп қабатты үй тұрғызылса, аудандарда 104 үй салынды. Келесі жылы қала маңындағы аумағы 450 гектар Ақжайық шағын ауданында 150-ден астам үй