Без рубрики
ОРАЛДА 30 АУЛА МЕН ҮШ ТЫНЫМБАҚ АБАТТАНДЫРЫЛМАҚ
Орал қаласында көпқабатты тұрғын үй аулаларын қайта қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. Биыл шаһардағы 30 аула аумағын абаттандыру жоспарланып отыр. Шаһар бойынша аула құрылысының жұмыстары 2010 жылы тұралап қалып, соңғы екі жылдан бері қайта жанданған. Абаттандыру аясында баспанаға кіреберіс жолдар асфальтталып, жарық қосылып, автотұрақ салынады. Балаларға арналған ойын алаңын салу да қамтылған. Қазір шаһарда 20 ауланы абаттандыру жұмысы жалғасуда. Қалған 10-ына мемлекеттік сатып алу конкурсы қайта жарияланған. - Өткен жылы жалпы құны 833 млн. теңге болатын 38 ауланың аумағын абаттандыруға ж