Оралда 43 көшенің жолы жөнделді
Оралда жол жөндеу жұмысы қарқын алды. Биыл шаһарда 67 көшенің жолы тегістеліп жатыр. Бүгінде 43 көшеде жоспарланған жұмыс аяқталған. Олардың сапалы орындалуы ұдайы назарда дейді қала басшылығы. Иллюстративное фото из архива "МГ" Фрунзе көшесі – қаладағы көне көшелердің бірі. Соңғы рет қашан жөнделгені де ұмыт болған. Асфальттың жоғарғы қабатын ашқан кезде қиыршық тас мүлдем жоқ екенін анықталған. Әрі көше тар. Бұл жұмыс істеуде бірқатар қиындық тудырады. - Жер бедері тегіс емес. Оны тегістеуге уақыт кетеді. Әрі асфальтті мөлшерден көп шығындаймыз. Шұңқырлары да көп. Жолды қырып, дайндауға көп