Оралда 52 пәтерлі үй тапсырылды
Қаламызда 52 пәтерлі үйдің құрылысы аяқталып, Республика күні қарсаңында тұрғындар игілігіне берілді. Тұрғын үйдің ашылу салтанатына басшысы Миржан Сатқанов қатысты. Шаһарда апатты және тозығы жеткен үйлердің орнына «Реновация» бағдарламасы арқылы жаңа тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілуде. Бұл бағдарлама шеңберінде 145 пәтерді құрайтын 28 апатты үй бұзылып, олардың орнына 10 жаңа үй салынып жатыр. Бүгін пайдалануға беріліп жатқан мына тұрғын үйде аталған бағдарламаның жемісі деуге болады. Мереке қарсаңында жаңа қонысқа ие болып жатқан тұрғындарға қала әкімі салтанатты түрде пәтер кілттерін