Оралда 6 мекеменің жалақы берешегі бар
Күні бүгінге дейін жазатайым оқиғалар салдарынан 4 адам қаза тапқан. Еңбек заңнамасының бұзылуы бойынша 260 дерек анықталған. Бұл түрлі меншіктегі кәсіпорындар мен ұйымдардағы тексеріс қорытындысы. Өңірдегі 6 мекеме өз жұмысшыларына 53 млн. теңге жалақы берешегін енді сот жүзінде өтемек. Бұл мәліметтер бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында айтылды. Қарапайым жұмысшының маңдай тер, табан ақысын төлемеген кәсіпорындармен әңгіме қысқа. Тек соңғы үш жылда 647 кәсіпорынның 807 млн теңге жалақы берешегі өтелген. Ал жыл басынан бері 86 кәсіпорында 700-ден астам жұмысшының еңбекақысы қайт