Оралда аллергиялық ауруларды емдейтін орталық ашылды
Аймақта аллерголог мамандарға деген сұраныс жоғары. Осы күнге дейін арнайы орталықтың болмауы науқастарды ат сабылтып, көршілес елдің шекарасынан əрі асуға мəжбүр қылатын. Жаңадан пайда болған аллергиялық орталық əзірге облыс бойынша жалғыз. Осы жерге аллерголог, дерматолог, зертханашы мамандар біріктіріліп, заманауи медициналық ем көрсету қол жетімді бола түсті. Көпшілік арасында аллергия кең тараған. Түрі де сан алуан. Мəселен біреулерде дəрі-дəрмекке төзбеушілік болса, енді бірі-шаң-тозаңмен мен жануарлар түгіне, өткір иіске түшкіріп, көздері жасаурап, денелерінде түрлі бөртпелер пайда болы