Оралда ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрменкесі өтті
Жəрмеңке əдеттегіше үйреншікті орынға айналған М.Ықсанов атындағы көшеде бойына жайғасты. Базар мен сауда орындарына қарағанда бағасы арзандау көкөніс пен жеміс-жидек, ет жəне өзге де ауыл шаруашылығы өнімдерін келушілер үлкен сұраныспен сатып алып жатты. -"Барлығы 27 бас сиыр еті, 7 бас жылқы еті,11 төшке қой еті сатылды. Сонымен қатар, 34 тонна картоп, 16 тонна пияз, 17 тонна қырыққабат пен 11 тонна сəбіз сатыққа шықты. 18 500 дана жұмыртқа өткен. Тұрғындар белсенді түрде өнімдерді сатып алды",-дейді ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Махамбет Батырғалиев. Бүгінде жəрмеңкеге тұрақты қатысып,