Оралда балабақша кезегін автоматтандырудағы ақау қалыпқа келтірілді
Балабақша кезегіндегі автоматтандыру жүйесін әлі де түсінбей жүрген қалалықтар көп болып шықты. Олардың айтуынша сайт арқылы жасы мен кезегі жетіп тұрған бүлдіршіндердің өзіне жолдама алу мүмкін болмай отыр. Бүгінде Орал қаласының өзінде 18 мың сәби балабақша кезегінде тұр. Жаңа автоматтандырылған жүйеге көшудің бірден бір себебі - жемқорлықтың жолын кесу. Осы орайда сала мамандары еліміз бойынша бұған дейін баласын тезірек балабақшаға беру үшін білім ұйымдарындағы лауазымды тұлғаларға пара ұсынған деректердің тіркелгенін жасырмады. Мәселен, ел аумағында жемқорлыққа жол берілген бірнеше факті