• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

ОРАЛДА ҚҰРМАНҒАЗЫ МЕН ДИНАҒА ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ

Бүгін қазақтың мерейі тасыған күн! Орал қаласының қақ төрінде күй атасы Құрманғазы мен күй анасы Динаға сәулетті ескерткіш қойылды. Бұл халықтың көптен күткен, жылдар бойы аңсаған ақ тілегі еді. Композициялық мүсіндер салтанатты түрде ашылып, күй құдіретін кейінгілерге жеткізген тұлғаларға тағзым етілді. Бүгін ақ түйенің қарны жарылған күн десек, асылық айтпаймыз. Өйткені қазақтың Венасы, күй Отаны атанған Оралға бір Құрманғазының ескерткіші керек-ақ еді. Мінекей, бүгін сол тілек орындалып, ескерткіш күй атасының «Сарыарқасымен» салтанатты түрде ашылды. Күй - қазақтың гендік коды. Тек қазаққа
ОРАЛДА ҚҰРМАНҒАЗЫ МЕН ДИНАҒА ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ
Бүгін қазақтың мерейі тасыған күн! Орал қаласының қақ төрінде күй атасы Құрманғазы мен күй анасы Динаға сәулетті ескерткіш қойылды. Бұл халықтың көптен күткен, жылдар бойы аңсаған ақ тілегі еді. Композициялық мүсіндер салтанатты түрде ашылып, күй құдіретін кейінгілерге жеткізген тұлғаларға тағзым етілді.
kurmangazy
kurmangazy
Бүгін ақ түйенің қарны жарылған күн десек, асылық айтпаймыз. Өйткені қазақтың Венасы, күй Отаны атанған Оралға бір Құрманғазының ескерткіші керек-ақ еді. Мінекей, бүгін сол тілек орындалып, ескерткіш күй атасының «Сарыарқасымен» салтанатты түрде ашылды. Күй - қазақтың гендік коды. Тек қазаққа ғана тән тылсым өнер Құрманғазы бабамыз арқылы әлемге танылды. Мұндай ескерткішті елдің әр қаласында ашса да артық етпейді дейді күйші, ҚР еңбек сіңірген қайраткері АЙТЖАН ТОҚТАҒАН: - Үш минуттық күй Еуропаның үш сағаттық симфониясымен бірдей. Егер жазып жазатын болсақ. Мәне, сондай құдіретті күйдің атасы Құрманғазы мен анасы Динаға туған жерінде ескерткіштің ашылуы – бұл біздің егемендігіміздің айғағы, Тәуелсіздігіміздің жетістігі. Ал облыс әкімі Алтай Көлгінов дала данышпандары атанған қос тұлғаның бейнесі туған топырағында асқақтауын тарихи оқиғаға теңеді. Ескерткіш авторы – танымал мүсінші Мұрат Мансуров. Композицияның жалпы биіктігі тұғырымен бірге - 6 метр. Қоладан құйылған ескерткіш Құрманғазының шәкірті Динаға домбыра беріп тұрған сәтін бейнелейді. Бұл идея театрландырылған көрініске де арқау болды. Ескерткіштің тарихи құндылығын асырған басты ерекшелік – Құрманғазының қолындағы домбыра күй атасының жеке аспабының көшірмесі. Домбыраның суретін Астрахандағы музейден арнайы алдырған. - Көптеген қоғамдық ұйымдардан бізге осындай ескерткіш керек деп ұсыныстар түсті. 2015 жылы Құрманғазы мен Дина ескерткіштерінің үздік жоба-сызбасына ашық республикалық конкурс жарияланды. Ондаған жұмыс келіп түсті. Солардың ішінен мүсінші Мұрат Мансуровтың еңбегі таңдалып алынды. Мүсіндер үш айда орындалды. Ерекшелігі – ескерткішті орнатуда жаңа технология қолданылды. Гранит тақталардың жаңбыр мен қарға төзімді болуы үшін желдеткіш фасад орнатылды, - дейді БҚО тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау мемлекеттік инспекциясының басшысы ТАЛҒАТ ЖҮСІПҚАЛИЕВ. Және бір ерекшелік әрі бірегейлік - ескерткіш Құрманғазы мен Дина көшелерінің қиылысындағы тынымбақта орналасқан. Рухты асқақтатып, мерейді тасытқан қуанышты оқиғаның салтанатына Дина Нұрпейісованың жиеніБағила БИШАЕВА да қатысты. Айтулы оқиғаға орай кешкісін қазақ драма театрында үш оркестр - Алматыдан келген Құрманғазы атындағы Мемлекеттік академиялық, Атырау облыстық Дина Нұрпейісова атындағы академиялық және Оралдың Дәулеткерей атындағы халық аспаптар оркестрлерінің біріккен бірегей концерті өтті.  
Акерке Абишева
Главный баннер --> after article