Оралда қоғамдық көліктердің өрескел ереже бұзуына қатысты тексеріс күшейді
Жолаушыны автобусқа лық толтырып алып, адам өмірін қатерге тігетін жүргізушілердің əрекеті жаға ұстатарлық. Бір-бірімен жарысып, уақыттан қалмауға асыққанда қарсы бағытқа шығып кетіп, жолаушы түсіп-мінгенін күтпей орнынан кілт қозғалып кетіп жатады. Көлік рөлінде отырып алып, телефонмен емін-еркін сөйлесіп отыруының өзі жүргізушінің қауіпсіздікке нұқсан келтіріп отырғанына нақты дəлел. Осындай жағдайлар № 22 нөмірлі автобуста жиі тіркеледі деген шағымдар көбейіп отыр. Жолаушы тасымалдаушы жүргізушілердің дені жастар. Олар өздерінің мойнына артылған жауапкершілікті сезінбесе керек. Ереже бұзушы