Оралда қоқыс контейнерлері ұрлануда
"Орал таза сервис" ЖШС-де қоқысты қала сыртындағы полигонға шығаратын 40 техника бар болса, оның тең жартысына жуығы жаңалалауды қажет етеді. Бірақ қазір тазалықшылар жұмысын қиындатып отырған бұл мəселе емес. Басты проблема-қайтсек ұрыларға тойтарыс беріп, қолды болған контейнерлерді табамыз деп бас қатыруға ойысқан. Қала аумағында тұрмыстық қалдықтар салуға арналған контейнерлер бұрын да жетіспейтін. Оның үстіне ұрылар бүгінде көзден тасалау тұрған осы контейнерлерге қырғидай тиетін болған. Шаһарымыздың Депо, Семей, Чкалов көшелерінің бойында бірнеше контейнер ізім-қайым жоғалып отыр. Бұл же