• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

ОРАЛДА ҮШ ОРКЕСТРДІҢ БІРІККЕН БІРЕГЕЙ ӨНЕР КЕШІ ӨТТІ

«Күй дүлдүлдерінің дүбірі». Осындай атаумен Оралда Құрманғазы атындағы Мемлекеттік академиялық, Дина Нұрпейісова атындағы Атырау облыстық академиялық және Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптар оркестрлерінің біріккен бірегей концерті өтті дүркіреп. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылған шара Құрманғазы мен Динаға сәулетті ескерткіш қойылған айтулы оқиғадан кейін салтанат құрды. Ерекшекеш Құрманғазының «Адай» күйімен ашылды. Ерекшелігі сол – бұл күні бір сахна төрінде үш оркестрдің басы қосылды. Әр оркестрден 40 өнерпаз, барлығы 120 адам бір ұжымның баласындай қаз-қатар тізіліп, жұ
ОРАЛДА ҮШ ОРКЕСТРДІҢ БІРІККЕН БІРЕГЕЙ ӨНЕР КЕШІ ӨТТІ
«Күй дүлдүлдерінің дүбірі». Осындай атаумен Оралда Құрманғазы атындағы Мемлекеттік академиялық, Дина Нұрпейісова атындағы Атырау облыстық академиялық және Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптар оркестрлерінің біріккен бірегей концерті өтті дүркіреп. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылған шара Құрманғазы мен Динаға сәулетті ескерткіш қойылған айтулы оқиғадан кейін салтанат құрды.
camerata-9
camerata-9
Ерекшекеш Құрманғазының «Адай» күйімен ашылды. Ерекшелігі сол – бұл күні бір сахна төрінде үш оркестрдің басы қосылды. Әр оркестрден 40 өнерпаз, барлығы 120 адам бір ұжымның баласындай қаз-қатар тізіліп, жұртшылықты керемет күйге бөледі. Алыстан ат арытып келген қонақтарға қош келдіңіз айтқан облыс әкімі АЛТАЙ КӨЛГІНОВ «үш оркестрдің бір сахнада өнер көрсету кешін өте сирек оқиғаға, тарихи жағдайға балап, қазақтың мерейін әлемге әйгілеп жүрген өнер иелеріне» табыс тіледі. Күй тілі - тылсым тіл. Өйткені қызыл тіл тоқтаған жерде күй жүреді. Аттың жалында, атанның қомында бүгінге жеткен асыл мұра – қазаққа ғана тән дара өнер екенімен де құнды. Күй-құдірет қалықтаған өнер кешінде Түркеш, Құрманғазы, Дина, Дәулеткерей күйлері әр оркестрдің орындауында кезек-кезек әуеледі. Кеште Атырау облыстық мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасының басшысы ӘБІЛ ЖОЛАМАНОВ, Құрманғазы атындағы мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің директоры НҰРҒИСА ДӘУЕШОВ сөз алып, күй құдіреті жайлы толғады.Сөз соңында Нұрғиса Дәуешов облыс әкімі Алтай Сейдірұлына Құрманғазы оркестрінің шеберханасында жасалған домбыраны табыс етті. Кештің ең көркем тұсы – үш оркестрдің үш дирижер басқаруымен бір күйді бір-бірінен іліп әкетіп орындауы. Бірі бастап, екіншісі қостап, үшіншісі түйіндеген оркестрлер шеруі көрерменнін сүйсінтіп, көңілін шалқытты. Әрине, бұлайша бір демде, жұп-жұмыр өнер көрсетудің оңайлықпен келмегені  анық. Өйткені әр оркестрдің бір күйді орындау мәнері әр түрлі, оның бәрін бір арнаға тоғыстырып, басқару дирижердан да асқан шеберлікті қажет етеді. Өнер кешінде оркестрлердің сүйемелдеуімен ария-әндер де шырқалды. Атақты күйшілердің күй-тартысы да жұртшылықтың айызын қандырды. Ал дирижер Айтқали Жайымовтың басқаруымен үш оркестр орындаған Н.Тілендиевтің «Махамбетінен» рухтанбаған көрермен қалмады. Күй сазына еліткен жұрт сілтідей тынды. Күй күмбірікөңілді көкке самғатып, қоңыр әуен жүректі суырып жіберердей бойды балбыратып, ойды қозғады. Кеш соңында Құрманғазының «Сарыарқа» күйі бұл күні өнер көрсеткен 6 дирижердің құрама оркестрді кезек-кезек басқаруымен орындалды. Бұған халық орнынан тік тұрып, қошемет көрсетіп, қиқу салды.  
Арман Курманалиев
Главный баннер --> after article