Оралда «Ұлттық жоспарының» қадамдары орындалуда
Қоғамдық көлік тізгіндегендердің тәртібі сын көтермейді. «Автобус» атты үш күндік жедел алдын алу іс-шарасының нәтижесінде 242 әкімшілік құқықбұзушылық анықталған. Бұдан бөлек тағы 5 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Іс-шара «Ұлт жоспарының» 30-қадамы, яғни ұсақ құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын жүзеге асыру мақсатымен ұйымдастырылды. Автобус жүргізушілерінің жүгенсіздігін жолаушылар жыр ғып айтады. Жылдамдықты асырып, желмен жарысып, есіріп айдайды. Қарбалас уақытта аузы-мұрны лық толы автобустың тізгінін ұстап келе жатса да, телефон тұтқасы қолынан түспейді. Жол қоз