Оралда өткен аптада алғаш рет Еріктілер балы ұйымдастырылды
Салтанат сарайында өткен шарада еріктілер қозғалысын дамытуға атсалысып, қоғамдық істерге белсене араласып жүрген жастар марапатталды. Орал қалалық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен өткен «Еріктілер балы-2017» шарасын «Батыс-Қамқор» жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Шара барысында қала әкімінің орынбасары Мирболат Нұржанов он үздік еріктіні марапаттады. – Балда еріктілер әдемі өнер көрсетті. Олар өздерінің белсенділіктерімен қоғамға ғана емес, елімізге де пайдаларын тигізуде. Еріктілер көмегіне біз де жиі жүгінеміз. Олар Елбасы саясатын насихаттау, соғыс ардагерлеріне жәрдемдесу, қала та