Оралда күрделі жөндеуден өткен мектеп ашылды
Биыл облыс аумағында 24 білім нысанының құрылысы жүргізілді. Соның бірі - № 4 мектеп. Бастапқыда күрделі жөндеу көзделсе, ғимараттың ескілігіне байланысты нысан қайта салынды. Оның құрылысына 950 млн. теңге жұмсалды. Ұжым мен ата-аналарды құттықтаған облыс әкімі, келер жылы мектеп жанындағы жолдың жөнделетінін де атап өтті. - Бұл оқиғаны көптен күткен болатынбыз. Елбасының «Нұрлы жол» бағдарламасымен биыл облыс орталығында бірден төрт мектептің құрылысы жүргізілді. Биыл осы нысанды ашсақ, қалғандары келер жылы іске қосылады. Мына мектеп оқушыларды қаңтар айынан қабылдайтын болады. Мұның барлығ