Без рубрики
ОРАЛДА КЕЙБІР ҮЙЛЕР ӘЛІ ЖЫЛУСЫЗ ОТЫР
Орал қаласындағы Ружейников көшесі №10/1-үй тұрғындары суықта тоңып отыр. 80-пәтерлік баспанаға әлі жылу берілмеген. «Агрореммаш» ПИК төрайымының айтуынша, бұған тұрғындардың қарызы себеп. Әзірге жылудың қашан берілетіні белгісіз. Ирина Дмитриевнаның әр таңы «бәлкім, бүгін жылу берген шығар» деген үмітпен атады. Суықтан дірдектеген зейнеткерге киіммен ұйықтауға тура келеді. Күндіз газ пешін қосып жылынған болады. Қария бұл үйде 87 жылдан бері тұрып келеді. Оның сөзінше, уақытылы жөндеу жасалмағандықтан, соңғы жылдары үйдің тозығы жетіп, түйіткілі көбейіп кетті. Енді, міне, жылыту маусымына да