Оралда кезекте тұрған азаматтарға арнап 4 үй салынбақ
Бұл үйлерде 800 отбасыға пәтер қарастырылған. Аз қамтылған және көп балалы отбасылар санаты бойынша ұзақ жылдар бойы кезекте тұрған адамадар осы жылдың ортасында алғашқы пәтерлеріне қол жеткізеді деп күтіліп отыр. Орал қалалық құрылыс бөлімінің хабарлауынша, қалада 19 мыңнан астам азамат пәтер кезегінде тұр. -«216 пəтерлік бір үй Зашағанда орналасқан. Енді біреуі қаланың солтүстік-шығыс бағытында. Ол -216 пәтерлік. Және тағы екі үйдің құрылысын бастаймыз», - дейді құрылыс бөлімінің басшысы Мирас Мүлкәй. Былтыр Оралда кезекте тұрғандарға 360 пәтердің кілті табысталған еді. Биылғы жоспар одан да