Оралда коммуналдық төлемдер бір түбіртек бойынша төленеді
Бірыңғай төлем құжаты алдағы айдың басынан қолданысқа енбек. Сала мамандары жүйенің тиімді тұсын жіпке тізіп отыр. Егер барлығы сəтті жүзеге асса, тұтынушылар үшін бір түбіртек арқылы төлем жасаудың ыңғайлы тұсы көп секілді. Сондықтан бастаманы қолдаушылар көп. -"Электр энергиясын, су, жылу жəне қоқыс қалдығын шығару, кабельді телевидение жəне басқа да қызмет түрлерін жүзеге асырады. Бүгінгі күні "Орал-коммуналдық қызметтерді есептеу орталығы" ЖШС екінші деңгейлі банктермен жұмыс жасайды. Яғни бір мезетте төлем жасалынады жəне нəтижесі көрсетіледі",-дейді "Орал-коммуналдық қызметтерді есептеу