Оралда коммуналдықтар құдықтардың бетіне тор орнатуда
Алғашқы болып бұл іспен халықты сумен қамтып отырған "Батыс су арнасы" ЖШС айналысып жатыр. Кəсіпорын қарамағында 10 мыңнан астам құдық бар екен. Қазір 50-ге тарта құдыққа авариялық қызмет тор көз салып, қауіпсіздікті күшейтіп отыр. Себебі құдықтың шойын қақпақтарына жау болған ұрылардың кесірі өзгелерге тиюде. Аузы аңырайып ашық қалған құдыққа ересек адам байқамай түсіп кетіп мертігіп жатса, балалар жазым бола жаздайды. Қаншама жазатайым оқиға тіркелді. Ал мына тор сол қақпақтың астында қауіптен сақтандырудың бір амалы. -"Шойын қақпақтар жиі ұрланады. Біз тəртіп сақшыларымен бірлесіп металл т