Оралда мүмкіндігі шектеулі балалар иппотерапия сеансынан өтті
«Мейірімді көктем» акциясы аясында полиция қызметкерлері атты əскердің жылқыларына балаларды отырғызып, емдік терапия алуға көмектерін тигізді. Мүгедек балалар үшін атқа отырып, таза ауада серуендеудің пайдасы зор. Жылқы малының денсаулыққа келтірер шипасы жөнінде хабардар медицина саласы иппотерапияның кереметтігін мойындайды. Аталмыш шараға Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту жəне əлеуметтік бағдарламалар басқармасы қызметкерлері де қатысып, игілігі мол іске куəгер болды. Алғашқы күні тірек-қимыл жүйесі зақымданған жəне өзге де сырқаттары бар əр түрлі жас шамасындағы 10 шақты бала атқа