Оралда мекен-жайлық əлеуметтік көмек төлеу орталығы жұмысын бастады
Сəуірден бастап төленетін мекен-жайлық əлеуметтік көмектің көлемі ұлғаятыны белгілі. Осыған орай Орал қалалық жұмыспен қамту орталығында Call-center ашылып, тұрғындарға кеңес беруде. Қазір Оралда мекен-жайлық əлеуметтік көмекті 410 отбасы алып отыр екен. Жұмыспен қамту орталығы аталмыш көмектің көлемі күн көріс мөлшерінен 50%-дан 70%-ға дейін көбейгенін хабарлайды. -"Ақша тағайындалар сəтте көп балалы отбасыға, көп балалы анаға, мүгедек бала тəрбиелеп отырған отбасы жəне өзге де санаттар бойынша мемлекеттен төленетін жəрдемақылар табыс көзі ретінде есептелмейді. Көмек тағайындалған отбасыдағы