Оралда Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы пайда болды
Орал қаласындағы Достық-Дружба даңғылын тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен атамақ. 20-наурыз күні өткен қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында осындай шешім қабылданды. Қала әкімі Мұрат Мұқаев, құрылымдық бөлімше басшылары және депутаттар қатысқан сессия отырысында ел ағалары сөз алып, осы өзгерісті енгізуге қатысты өз пікірлерін білдірді. Сессия төрағасы, қалалық мәслихат хатшысы Аққали Әубекеровтың мәлімдеуінше, бұл ұсыныс алдымен қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясы отырысында кеңінен талқыланып, тұрғындар тарапынан да қолдауға ие болыпты. - "Кеше ғана осы күнге дейін