Оралда облыстың жылыту маусымына дайындығы пысықталды
Қыс арбаңды, жаз шанаңды сайла демекші, жылыту маусымына әзірлік облыста көктемде басталды. Бүгінде біраз жұмыс атқарылды. Мәселен білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет мекемелері 94-96 пайызға дайын тұр. Бүгінде ауыл-аймақтағы нысандарға қатты және сұйық отын жеткізілуде. Өңірдегі 1298 көпқабаты үйге жылу беру, ақауларын жөндеудің қамы жасалуда. - Орал қаласындағы 611 көпқабатты үйде гидравликалық сынамалар өткізілді. Бұл жоспардың 51 пайызы. Осындай жұмыстар Ақсай қаласында тамыз-қыркүйек айларында өткізіледі. Жалпы пәтер иелері кооперативтері сәуір мен шілде аралығында үйлерді дайындады. Қ