Оралда оқу орындардың бірі тарихи-мәдени ескерткішті сатып алды
Көненің көзіндей болып осы күнге дейін сақталып келген тарихи нысанды сатып алушы табылған. 10 жыл бойы қаржылық корпорацияда кепілдікте азып-тозып тұрған ғимарат енді жөнделіп, дұрыс мақсатта пайдаланылады деген сенім бар. Себебі ауқымды көлемдегі үйді Махамбет Өтемісов атындағы БҚМУ сатып алыпты. Еліміздегі және аймақтағы маңдай алды оқу орны Чапай көшесі 18 мекен-жайындағы көне ескерткішке 58 млн. теңге төлеп, оны жатақхана немесе зертхана ретінде пайдалануға ниетті. Алайда нақты қандай оқу бөлімшесі болары әзірге жария етілмей отыр. Бір анығы-ғимараттың тарихи келбеті сақталып, толықтай жө