Оралда полицияның алғашқы фронт-кеңсесі ашылды
Фронт-кеңсе ішкі істер министрлігінің "Азаматтарды қабылдау" жаңа жобасы аясында ашылып отыр. Орал қаласының полиция басқармасының бірінші қабатында, үлкен холлда келушілерді бөлімше қызметкерлері қарсы алады. Кеңес береді, қажетті қызметті тез арада көрсетеді. Темір торлы есіктер мен қатаң өткізу режимінің орнына, əйнектің ар жағында қала тұрғындарын мамандар қарсы алып, сол жерде кеңестер беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Күн сайын полиция қызметіне ғимаратқа келіп 100-ге тарта азамат жолығады. Ортада ешқандай қабырға жоқ, ашық алаң қызметтің көрсетілер уақытын да қысқартады. Осындай фр