Оралда «Рухани жаңғыру» аясындағы сарапшылар пікірі тыңдалды
«Рухани жаңғыру-теңдесіз тарихи мүмкіндіктер!» Осындай атаумен Достық үйінде келелі басқосу болып өтті. Жиында еліміздегі "100 киелі мекен" санатына қосылған тарихи орындар жөнінде айтылды. Киелі орындарды дәріптеу-ұлттық болмысты сақтап, тарихымыз бен мәдениетімізді жастарға меңгертуді көздейді. Солардың қатарында Жайық қалашығы мен Бөкей орда тарихи-мұражай кешені бар. Кездесу ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты және облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен өтіп отыр. Облыс әкімі Алтай Көлгінов жүргізген жиынға Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан